Азияда үздік үштікте

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы көпсайыста үшінші орынды иеленді.
Құрамында Нариман Құрбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Маменов, Ілияс Әзизов және Әлішер Тойбазаров бар ұлттық құрама 240.301 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.
Бірінші орынды Жапония құрамасы (253.002), екінші орынды Қытай құрамасы (248.265) иеленді.