Арайлым Италияда ән шырқайды

Бәйдібек ауданындағы «Майбұлақ» жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Арайлым Мұратбайқызы – кез-келген іс-шараның басында жүретін белсенді, оқу үлгерімі жақсы оқушы. Ол бірнеше жылдан бері Дүйсенәлі Бесбаев жетекшілік ететін «Ән-күй» үйірмесіне үзбей қатысып келеді.

 Арайлым осы жылдың басында Бәйдібек аудандық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Арай – 2024» байқауында эстрадалық ән орындау сайысына қатысып, бірінші орынды жеңіп алды. Талапты қыздың болашағынан мол үміт күтіп отырған аудандық білім бөлімінің әдіскері Айнұр Түйменова Арайлымға республикалық «Жауқазын» байқауына қатысуды ұсынған еді. Талантты қыз тәжірибелі ұстазының үмітін ақтады. Шымкент қаласында өткен «Жарқыра, самға, жас талант!» атты өнерлі балалар байқауының республикалық байқауында вокал жанры бойынша өнер көрсетіп, топ жарды. Сол байқауда Стамбул қаласында өтетін «Жібек жолы» байқауына жолдама алған еді. Арайлым бұл байқауда да үздік шығып, бас жүлдені иеленіп, Италияға жолдама алды. Ендігі жерде Арайлым итальяндықтарды да өз өнерімен тәнті етпек. 
Айта кетейік, Арайлымның сыныптасы Айғаным Әмірханқызы Түркістан қаласында өткен «Түркі әлемінің тірегі – Түркістан» атты байқауға вокал жанры бойынша қатысып, Стамбулға жолдама алған еді. Бірақ, өкінішке қарай, белгілі себептермен Түркияға бара алмады. 
Талантты қыздарды өнерге баулыған ұстаздары Дүйсенәлі Бесбаевтың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Ол даярлаған шәкірттер түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып жүр. 

Озатбек АЙГӨБЕК,
ардагер ұстаз.
Бәйдібек ауданы. 

1 пікір

  • polk
    polk

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

Пікір қалдырыңыз