Студенттеріміз шетел университеттерінде білімдерін шыңдап жүр

Бүгінгі таңда қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының сапалық деңгейі халықаралық кеңістікте жоғары бағаланады. Мұндай баға берерде академиялық ұтқырлыққа ерекше назар аударылады. Себебі, академиялық ұтқырлық Еуропада жоғары білім берудің ажырамас шарты ретінде белгіленсе, оқытушылардың, студенттер мен түлектердің ұтқырлығы Болон үрдісінің негізгі элементтерінің бірі саналады. 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Автоматтандыру, телекоммуникациялау және басқару» кафедрасының студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында әлемнің түрлі университеттерінде білімдерін шыңдап жүр. Атап айтар болсақ, Бауыржан Артық, Еркебұлан Жақсыбай, Бауыржан Мырзабай есімді студенттеріміз Вильнюс техникалық университетінде, Жазира Гайдар есімді қызымыз Оңтүстік Кореяның «Sangmyung» университетінде білімдерін жетілдіріп қайтты.
Пандемия кезінде студенттердің аталған бағдарлама аясында шетелде оқу мүмкіндігі мүлдем тоқтап қалды. Дегенмен, үрей басылып, ел еңсесі көтерілген тұста «Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы жұмыстарды қайта жандандырды. Соның нәтижесінде Қуанышбек Мадалиұлы есімді студентіміз былтыр көктем мезгілінде Германияның Хейниц университетінде білімін шыңдап қайтты. 
Бүгінгідей жаһандану кезінде жастарға берілер білімнің мазмұны ұлттық құндылықтармен, мәдениетаралық түсінік-пайыммен, ақпараттық жетістіктермен және тіл байлығымен толығып отыруы қажет. Сонымен қатар, олардың экономикалық және әлеуметтік салаға қатысты танымын қалыптастыру, отбасының, достарының, айналасының, жалпы қоғамның қамын ойлауды сезіндіру, шыққан әлеуметтік тегіне қарамай, дарынды да білімді жастарды қолдау қашанда маңызды. Университеттің бұл бағыттағы жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Амантай БАТЫРБЕКОВ,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Автоматтандыру, телекоммуникация және басқару» кафедрасының оқытушысы.

1 пікір

  •  Maria Jose
    Maria Jose

    WORKING WITH GEO COORDINATES RECOVERY HACKER / RESTORING LOST CRYPTOCURRENCY I had the pleasure of experiencing the exceptional services of GEO COORDINATES RECOVERY HACKER through testimonies of scam victims which was exactly where I got to know about GEO COORDINATES RECOVERY HACKER. I never believed it was possible to recover lost cryptocurrency until a few days ago. I lost $72000 to an online bitcoin investment broker, I was so sad because I invested a lot. I sought help from the best recovery hacking agency out there. One of the best decisions I ever made was to contract GEO COORDINATES RECOVERY HACKER to help me resolve my lost cryptocurrency. I am forever grateful to the GEO COORDINATES RECOVERY HACKER team for their crucial role in this process. Without their expertise and intervention, I would have thought my funds were lost forever. Their results are good. If getting your funds GEO COORDINATES RECOVERY HACKER is your goal. They are the leading solution for any digital currency fraud recovery. They recognize emerging issues and offer clients practical solutions with better outcomes aligned to their strategic objectives. If you happen to be a victim like me, I’ll recommend you to contact GEO COORDINATES RECOVERY HACKER through their email at Email: geovcoordinateshacker@protonme Email: geovcoordinateshacker@gmail.com WhatsApp +1 (512) 550 1646 Website; https://geovcoordinateshac.wixsite.com/geo-coordinates-hack

Пікір қалдырыңыз