Агродрондарды қолдану қай жағынан да тиімді

Гүлдана Айходжаева,
«Оңтүстік Қазақстан».

Сарыағаш ауданындағы Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі ауыл шаруашылығы саласы үшін ендігі жерде  ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторларын даярлайды. Аталған оқу орнының   студенттері өздерінің жобаларын Астана қаласында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде таныстырды.

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға ықпал етіп, шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
«Бұл – өңірдің экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып енгізілген жаңа мамандық. Агродрондар химиялық препараттарды 20%-ға, суды 80%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, жанармай шығынын, жұмыс күшін және техниканы қолдану көлемін азайтады. Сонымен қатар, олар тұқымды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау құралдарын біркелкі енгізуді қамтамасыз етеді» дейді колледж директоры Бағлан Шығанов.
Колледж басшылығы қытайлық компаниямен меморандумға қол қойып, соның аясында мамандарды даярлау бойынша әдістемелік және материалдық-техникалық қолдау алатын болады. Ал, оқытушылар өндірісте тәжірибеден өтеді.
2024 жылы Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі 95 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. Бүгінгі күнге дейін  30 мыңға жуық   маман даярлаған   оқу орнында  1 Кеңес Одағының Батыры, 7 Социалистік Еңбек Epi, 14 Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көптеген ғылым докторлары мен кандидаттары  білім алған.

Сарыағаш ауданы.

1 пікір

  • AMOS JOE
    AMOS JOE

    HOW DO I GET A RELIABLE RECOVERY HACKER TO GET BACK MY STOLEN BITCOIN CONTACT THE HACKANGELS WhatsApp 1(520)200-2320+) or shoot them an email at (support@thehackangels.com) They also have a great website at(www.thehackangels.com) I’ve read many stories about THE HACKANGELS how the expert is helping people recover their funds after losing them to scammers. It is indeed surprising to know you can recover all lost bitcoin back from scammers or any fake investment site. I used to be a victim of an online trading platform where I invested about $875,000 worth of Btc and lost everything. They helped me get my stolen funds back, they are the best, I can assure you a swift and competent job with them. If you're in London, you can even visit them at their office located at 45-46 Red Lion Street, London WC1R 4PF, UK. They’re super helpful and really know their stuff! Don’t hesitate to reach out if you need help!

Пікір қалдырыңыз