Киберқауіпсіздік

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитеті 2023-2029 жылдарға арналған Цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар индустриясын дамыту және Киберқауіпсіздік Тұжырымдамасына сәйкес, қоғамдық хабардарлықты арттыру шараларын жүзеге асырудың бір бөлігі ретінде, кең таратуға арналған бейне материалдарды жіберуде.
Бұл бейнелер азаматтарға цифрлық ортада өзін және деректерін қорғауға көмектесетін киберқауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы пайдалы ақпарат береді.
Комитет сіздерден:
1. Берілген бейнелерді ұйымыңыздың ресми сайтында орналастыруды сұрайды.
2. Материалдарды әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарда жариялауды сұрайды.
3. Бейне материалдарды тиісті ұйымдарға жеткізіп, әрі қарай таратуды ұсынады.
4. Видеоларды барлық көп жиналатын жерлерге (LED экрандар, билбордтар және т.б.) орналастырыңыз.
Бір бірлескен күш-жігермен халықтын цифрлық сауаттылық деңгейін арттыра алатынымызға және киберқауіптермен байланысты тәуекелдерді барынша азайта алатынымызға сенімдіміз.