Тоқтарбек Айдарбек әлем чемпионы атанды

Түркістандық балуан Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан аяқталған әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Ол 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, финалда оңтүстіккореялық Джунгму Янгты уақытынан бұрын иппон әдісімен ұтты. Жартылай финалда отандасымыз жапониялық Томоко Такахашиден басым түскен болатын. Айта кетейік, Тоқтарбек 2022 жылы қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған турнирдің «түйе балуаны» атанған еді.

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан қоржыны 1 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдемен толықты. Ерлер арасында Айдос Түгелбаев (90 келі) күміспен күптелсе, әйелдер арасында Анна Краморова (78 келі) мен Екатерина Чебышева да (78 келіден жоғары) күміс жүлдеге ие болды. Ал, Анастасья Тимошенкова (70 келі), Еркебұлан Қанафин (81 келі) және Сабыржан Хапизов (100 келіден жоғары) ел қоржынына қола жүлде салды.
Айта кетерлігі, сурдо дзюдошылар әлем чемпионатының алғашқы күнінде 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль жеңіп алған болатын. Осылайша, Қазақстан сурдо дзюдо құрамасы әлем чемпионатының жекелей жарысын 3 алтын, 6 күміс және 4 қола жүлдемен аяқтап, жалпыкомандалық есепте 2-орынға ие болды.
Әлем чемпионатына 24 елден 300-ге жуық спортшы қатысты.

Пікір қалдырыңыз