Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Құдай қаласа, алдағы уақытта жарамсыз үйлер сүріліп, орнына жаңа ғимараттар бой көтеретін болады.


Қазақстан халқы тағы бір қиындықты бастан өткеруде. Қарғын судың қасіретін ел экономикасына үлкен залал әкелетіні анық. Құдай қаласа, алдағы уақытта жарамсыз үйлер сүріліп, орнына жаңа ғимараттар бой көтеретін болады.

Мал сатып алынады, басқа да келеңсіздіктер қалпына келтіріледі. Тек адамдарымыз аман болсын! Бұл - мемлекеттің байлығы. Президент Жолдауы елдің еңсесін көтереді деген сенімдемін. 

Біз де өз тарапымыздан қарап қалмаймыз. Жер- жерде игі бастамалар көтеріліп, азық-түлік, басқа қажеттіліктер үшін қаржы жиналуда. Гуманитарлық көмектер жөнелтілуде.

Мұндай қысылтаяң уақытта көңіл көтеру, түрлі шараларды ұйымдастыру үрдісін шектеп, алыстағы ағайындарға болысайық!

Нұрлан ҚОЗЫБАҚОВ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.
Пікір қалдырыңыз