АНЫҚТАМАНЫ ҮЙДЕ ОТЫРЫП-АҚ АЛУҒА БОЛАДЫ

Бұл қызмет азаматтарға ыңғайлы және уақытты үнемдеу үшін жасалған, яғни өтініштерді уәкілетті органға жолдап, енді оның жауабын 15-20 күн күтудің қажеті жоқ.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің бастамасымен qamqor.gov.kz ақпараттық порталында әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғаларға қатысты тексеру функционалы іске қосылды.

Бұл қызмет азаматтарға ыңғайлы және уақытты үнемдеу үшін жасалған, яғни өтініштерді уәкілетті органға жолдап, енді оның жауабын 15-20 күн күтудің қажеті жоқ. Аталмыш сервис интернет-ресурстарды пайдаланушыларға үйден шықпай-ақ сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған тұлғалар туралы мәліметтердің арнайы есепте болуы немесе болмауы туралы ақпаратты қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін не істеу қажет? Алдымен ақпаратты алу үшін qamqor.gov.kz порталына өтіп, одан әрі «Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп таныған тұлғалардың тізілімі» бөлімінде ЖСН мен жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін енгізу қажет. Одан кейін жүйеде анықтама пайда болады, оны талап еткен орынға ұсыну үшін қағаз түрінде басып шығаруға да болады. Аталған анықтама электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және ресми құжат болып табылады.

 

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

Түркістан облысы бойынша департаменті.

Пікір қалдырыңыз