Дарынды ұл-қыздарымызбен мақтанамыз

Бала – біздің айнамыз. Ата-ана ретінде де, мұғалім ретінде де балаға қалай көрінеміз, олар соны бойына сіңіреді, болашақта сондай тұлға болып қалыптасады. Бала тәрбиесінде үлгі боларлық іс-шара өткізудің маңызы зор. Осы тұрғыдан келгенде Жетісай ауданындағы С.Қожанов атындағы №42 мектептің мұғалімдері көпшілікке үлгі болатын іс-шараларды көптеп өткізуде. Нәтижесінде мектеп шәкірттері түрлі пәндік олимпиадаларда, байқауларда, спорттық жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүр.


Атап айтар болсақ, мектебіміздің 10-сынып оқушысы Ақбаян Дінәсілбек – аудандық, облыстық байқаулардың, конкурстардың, олимпиадалардың жеңімпазы, жан-жақты білімді, қабілетті, дарынды, өнерлі оқушы. Ол облыс оқушылары арасында ұйымдастырылған «Алтын ұрпақ» зияткерлік олимпиадасына қатысып, үздік нәтиже көрсеткен. Одан бөлек «Қазақстан тарихы», ағылшын тілі пәндері бойынша өткен олимпиадаларда да жеңімпаз атанғаны бар. 

Ақбаян бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған ІІІ республикалық «Ұлы дала ұрпағы» өнер мен білім байқауында «Аспапта ойнау» жанры бойынша жүлдегер атанған. Былтыр ауданымыздан құрылған «Аяна» би тобының сапында «Азия таланттары» шығармашылық байқауында гран-при иеленіп, Қырғызстанда өтетін ақтық додаға жолдама алды. Ақбаян Дінәсілбектің жетекшісі Әсел Керімқұлова екенін айта кеткен жөн.


Ақбаянның сыныптасы Бақберген Жамал да түрлі жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп жүр. Бақберген мектептегі «Өзін-өзі басқару» ұйымының белді мүшесі. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Шығармашылыққа жаны құмар. Ізденімпаздығы мен талантының арқасында аудан, облыс көлемінде өткен түрлі іс-шараларда Мақтау қағаздарымен, дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталған. Б.Жамал ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне және Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толуына арналып еркін күрестен өткен Жетісай ауданының ашық біріншілігінде 58 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді.


Сонымен қатар Түлкібас ауданында өткен республикалық турнирде 57 келі салмақ дәрежесінде үздік үштікке ілінді. 2022 жылы жасөспірімдер арасында өткізілген тағы бір республикалық турнирде 68 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді. Сол жылы спорт ардагері Ұлағат Өтешті еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыста 68 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлде иеленді.

Сондай-ақ, Бақберген  сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерге қатысады. Қосымша білім беру педагогы Әсел Керімқұлова жетекшілік ететін «Қызықты биология» үйірмесінде жүріп «Үнемділік мектебі» жобасын дайындауда. Алдағы уақытта осы жобаны дамытып, мемлекетіміздің архитектура, энергетика, экология, т.б. салаларына үлес қосуды армандайды.

Мектебіміздің ерекше талантымен елге танылып жүрген тағы бір оқушысы – Арайлым Тұрымтай. Арайлым мектептегі домбыра үйірмесіне қатысып жүріп, былтыр Өзбекстанда өткен «Азия таланттары» байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды. Одан бөлек V республикалық «Дарабоз» байқауында да бірінші орын иеленген еді. 2022 жылы да «Ұлы дала ұрпағы» байқауында «Аспапта ойнау» жанры бойынша жүлдегер атанған-ды. Арайлымның сынып жетекшісі – білікті педагог Салтанат Құралова.


«Азия таланттары» байқауында топ жарған оқушыларымыздың бірі – Дарын Қанай. Ол да Өзбекстан астанасында өткен өнер конкурсында І дәрежелі дипломмен марапатталған-ды. Дарын да республикалық «Дарабоз» байқауында І орын иеленген. Одан бөлек «Ұлы дала ұрпағы» байқауында «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша бас жүлде иеленгені тағы бар. Дарын Қанайға да Салтанат Құралова ұстаздық етеді.


Мектебімізде өнерге бейім оқушылармен қатар спортшы өрендер де аз емес. Атап айтар болсақ, 8-сынып оқушылары, егіз ұлдар Арнұр мен Ернұр еркін күрес үйірмесіне қатысып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Ернұр спорт күні мерекесіне орай өткізілген аудандық біріншілікте жүлдегерлер қатарынан көрсе, Арнұр Жетісай ауданының ашық біріншілігінде ІІ орын алды. Мектебіміздің мерейін тасытып жүрген балғын балуандар да Салтанат Құралова жетекшілік ететін сыныпта оқиды.


Өзінің замандастарына үлгі болып жүрген оқушыларымыздың бірі – Іңкәр Дүйсенбай. Ол Шәмшат Тұрсынбекова жетекшілік ететін 7-сыныпта оқиды. Сабақтан тыс уақытта «Дәрілік өсімдіктер» үйірмесіне қатысады. Қазіргі таңда Іңкәр үйірме жетекшісі Шәмшат апаймен бірге «Құрма – сан түрлі дерттің шипасы әрі үйдің көркі» атты ғылыми жоба дайындады. Құрма жемісін сан қырынан зерттеп, адам ағзасына керемет пайдасы бар екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеп шықты. 

– Күніне 7 құрма жеп тұрған пайдалы. Сонда адамның денесіне тарайтын түрлі зиянды заттардан сақтайды екен. Алдағы уақытта осы жобаны дамытып, түрлі пайдалы ақпараттарға қол жеткізем деген ойым бар, – дейді жас ғалым Іңкәр Дүйсенбай. 


«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы». Мектебіміздің білікті ұстазы Гүлжайна Сарыбаеваның үздік шәкірттерінің бірі Жасмин Төрехан  да түрлі байқауларда топ жарып жүр. Атап айтар болсақ, Жасмин ҚР Мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл және Балалар жылы аясында ұйымдастырылған «Рәміздерім – мақтанышым» атты көркемсөз оқу шеберлері байқауында үздік өнер көрсетіп, 1-орынды иеленді. Сонымен қатар жас эстрада әншілері мен мәдени іс-шара жүргізушілердің «Арай – 2023» байқауына белсене қатысқаны үшін дипломмен марапатталғаны тағы бар. Мұқағали Мақатаев оқулары байқауында да Жасмин бас жүлде иеленді. Осы жетістігі арқылы ол енді облыс оқушылары арасындағы байқауда бақ сынайды. 


Қазіргі таңда білім саласы мамандарының алдында білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалық ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Сондай дарынды оқушыларымыздың бірі 11-сынып оқушысы Марал Шайым «Қыздарға 100 кеңес» жобасы аясында өткізілген «Жетісай аруы» байқауында жүлделі ІІ орынды иеленген болатын. Марал сынып жетекшісі Шәмшат Тұрсынбекованың жетекшілігімен көптеген байқауларда жүлделі орындар иеленіп жүр. 


Марал Шайым Төле бидің 360 жылдығы, Қаз дауысты Қазыбек бидің 355 жылдығы және Әйтеке бидің 340 жылдығына арналған «Дала данышпандары» атты облыстық сурет салу байқауында үздік жұмысымен дараланып, II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қазір Марал 11-сыныпта оқып жүр. Шығармашылық емтиханын ойдағыдай тапсырып, журналистика факультетіне түссем деген арманы бар.


Жанар Омарова,

С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Жетісай ауданы.


1 пікір

  • Evelyn Martinez
    Evelyn Martinez

    GET RICH WITH BLANK ATM CARD, Whatsapp: +18033921735 I want to testify about Dark Web blank atm cards which can withdraw money from any atm machines around the world. I was very poor before and have no job. I saw so many testimony about how Dark Web Online Hackers send them the atm blank card and use it to collect money in any atm machine and become rich {DARKWEBONLINEHACKERS@GMAIL.COM} I email them also and they sent me the blank atm card. I have use it to get 500,000 dollars. withdraw the maximum of 5,000 USD daily. Dark Web is giving out the card just to help the poor. Hack and take money directly from any atm machine vault with the use of atm programmed card which runs in automatic mode. You can also contact them for the service below * Western Union/MoneyGram Transfer * Bank Transfer * PayPal / Skrill Transfer * Crypto Mining * CashApp Transfer * Bitcoin Loans * Recover Stolen/Missing Crypto/Funds/Assets Email: darkwebonlinehackers@gmail.com Telegram or WhatsApp: +18033921735 Website: https://darkwebonlinehackers.com

Пікір қалдырыңыз