Әділбектің әндері-ай!

С.Қожанов атындағы Созақ аудандық музейінде сазгер-әнші Әділбек Нысанбаевтың туғанына 70 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. 

Сазгердің ауылдастары, ізбасарлары, шәкірттері, ауыл жастары қатысқан кешті музей басшысы Н.Дүйсенбек ашып, сазгердің ғұмыр жолы, іс-шараның мақсаты жайлы әңгімеледі. 
Созақтық танымал таланттар Кенжебай Шал, Сәуле Аппазова, Мархабат Бейсенова, Маржан Тоқсанбай, жас өнерпаз Досмет Ахмет орындаған сазгердің әсем әндері, талантты күйші Ерғали Жүзбай, А.Жұбанов атындағы саз мектебінің ұстаздары шерткен күйлер, жыр құмар жасөспірімдер оқыған жыр шумақтары кешті нағыз өнер мерекесіне айналдырды. Кеш қонақтары сазгер жайлы естеліктерімен бөлісіп, сағынышқа толы лебіздерін білдірді. Осы орайда кешті өткізуге атсалысқан аудандық білім бөліміне, Т.Әлімқұлов атындағы лицей-интернаттың, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің, А.Жұбанов атындағы саз мектебінің ұжымдарына келушілер риза болысты. 
Ескірмейтін сұлу да сазды әндерімен ел есінде мәңгі жасайтын Ә.Нысанбаев ағамызды еске алу кеші жарасымды жалғасын табады деген ойдамыз.

Мақсат ҚАРҒАБАЙ.
Пікір қалдырыңыз