Башқұрт жазушысының шығармасы талданды

Кітапхана – әр таңын білімнің қайнар көзі – кітаппен ашатын, сол кітаптағы асыл мұраларды оқырмандарға  жеткізетін алтын көпір. Әбіш Кекілбаев «Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін, ал, кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын» деп бекер айтпаса керек. Кітапханашының еңбегі қоғам мен мемлекеттің дамып, өркендеуіне өте қажет әрі маңызды мамандық екенін ешкім жоққа шығара алмайды.
Кентау қалалық білім бөліміне қарасты М.Қашғари атындағы мектеп-лицей кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Кітапханалық маркетинг түсінігі» тақырыбында семинар өтті. Мектеп фойесінде оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қызықты ойындар ұйымдастырып, іс-шараға келген қонақтарды күтіп алды.  Семинарды мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Азизова ашты.  Мектеп кітапханашылары  С.Мирзахмедова мен С.Атаметова қатысушыларды 3 топқа бөліп, дәрісті сайыс түрінде ұйымдастырды. Сайыс барысында  башқұрт жазушысы Айгиз Аймагамбетовтің «Тастамашы, ана» кітабы талқыланды. 

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз