ҮШІНШІ БИЛІКТІҢ ҚҰЗЫРЕТІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

Құқықтық құжат қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ете отырып, адам құқығын қорғау тетігін барынша күшейтпек.

Тәуелсіздік жылдары құқық қорғау органдарының заңды да әділ қызметін қалыптастыруда жүргізілген сындарлы реформалар аз емес. Дегенмен, бүгінгі өмір бұл үрдістің әлі де жалғаса түсуін қажет етіп отыр. Әсіресе, қылмыстық іс жүргізу барысында орын алатын келеңсіздіктер заңды әлі де болса әлемдік талаптарға сай жетілдіріп, сапасын арттыруды міндеттейді. Себебі, құқығы бұзылған азаматтардың көпшілігі тергеу істерінің әділетсіздігі мен құқық қорғау органдарының өз құзыретін асыра пайдаланатынына жиі наразылық білдіріп жатады. Осы жағдайға назар аударған Мемлекет басшысы қылмыстық процесті өмірдің жаңа талаптарына, сондай-ақ, адам құқын қорғауды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажеттігін жүктеді.

Бұл жаңашылдықтар қылмыстық процеске халықтың көзімен қарауды меңзейді. Яғни құқықтық құжат қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз ете отырып, адам құқығын қорғау тетігін барынша күшейтпек. Сол арқылы тараптардың жарыспалылық деңгейін арттырып, қылмыстық істің сотқа дейінгі сатысына сот бақылауын айтарлықтай кеңейтуді көздейді.

Бір сөзбен айқанда, қылмыстық реформаларды ізгілендіру қылмыстың көбеюінің алдын алуға бағытталып отыр. Бірақ, бұл заң бұзушы жазадан шет қалады деген сөз емес. Дегенмен, заң талаптарын әлі де саралау, салмақтау, қоғамды сан түрлі қатыгездіктен сақтау – басты мақсатымыз болып қала бермек.

Алтын БІЛТЕБАЙ,

Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі

                                                                                                                                                ауданаралық сотының судьясы.

Пікір қалдырыңыз