Запастағы офицерлер әскерге шақырылды

     Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.

   Онда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақыртатыны айтылған.

    Қаулы қосымшасында еліміздің Қарулы күштеріне – 600, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 80, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына – 42 және Төтенше жағдайлар министрлігіне – 30, жалпы 752 офицердің әскери қызметке шақырылатындығы көрсетілген. Құжат 2023 жылдың 6 желтоқсанына дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.

    Еске сала кетейік, Қорғаныс министрлігі 2023 жылы запастағы 345 офицерді әскерге шақырса, 2022 жылғы көрсеткіш 190 болатын. 

Т.СЕЙІТХАНҚЫЗЫ

 

 

Пікір қалдырыңыз