ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауынан, соның ішінде белгіленген жылдамдықты асыра орындау және жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуінен болып отыр.
2025 жылдың 3 айында
Түркістан облысы бойынша 241 (2024 жылы 3
айы - 210) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 14,8%-ға өскен.
Жол-көлік оқиғасы
нәтижесінде зардап шеккендер саны 18,5% - ға артса (308-ден 365-ке дейін), оның
ішінде жарақат алғандар саны 14,5% - ға (275-тен
315-ке дейін), қаза тапқандар саны 51,5% - ға көбейген (33-тен 50-ге
дейін).
Ең көп жол-көлік
оқиғасы тіркелген аудандардың көшін Сайрам ауданы бастап тұр. Ауданда жыл
басынан бері 38 оқиға орын алса, Түркістан қаласында - 35, Жетісайда - 30, Түлкібаста
- 21, Келесте - 20, Сауранда - 16, Сарыағашта - 11, Ордабасыда - 9, Мақтааралда
- 9, Төлебиде - 8, Арыста - 8, Кентау қаласында - 7, Созақта - 7, Шардарада -
7, Бәйдібекте - 6, Отырар – 6 және Қазығұртта – 3 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Жол-көлік
оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауынан,
соның ішінде белгіленген жылдамдықты асыра орындау және жаяу жүргіншілердің
жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуінен болып отыр.
Осы ретте облыс
тұрғындары, қонақтар және туристерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды
сұраймыз. Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық
ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялық
карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.
ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық
статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Түркістан
облысы бойынша департаменті.
#заң_және_тәртіп