САРБАЗДАР ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ БАҚЫЛАЙДЫ
Сарбаздар полициямен бірге облыс орталығы тұрғындарының тыныштығын күзетіп, олардың қауіпсіздігін қорғайтын болады.
Түркістан облыстық полиция департаментінің алаңында полицейлер мен Ұлттық ұланның №6506 әскери бөлімінің арнайы 3-ші жедел мақсаттағы батальонының жеке құрамына арналған гарнизондық саптық байқау ұйымдастырылды. Іс-шараға полиция мен әскердің жеке құрамынан бөлек, департамент бастығының міндетін атқарушы Бағланбек Айтпаев, Түркістан қалалық полиция басқармасының басшылығы, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары Константин Қуатов қатысты.
Салтанатты шарада мемлекеттік Ту ортаға әкелініп, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Облыстың 300-ден астам полицейі және Ұлттық Ұланның 120 сарбазы сап түзеді. Гарнизондық саптық байқауды Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Асылхан Төреханов өткізді.
Полиция полковнигі Б.Айтпаев жиналғандарға
тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы
белгіленген ауысыммен сапалы қызмет атқаруды тапсырып, тәртіп сақшылары мен Ұлттық Ұлан сарбаздарына сәттілік
тіледі.
Бұдан әрі қарай сарбаздар мен сақшыларға нұсқама
беріліп, нысанды киімдері мен куәліктері тексерілді.
Айта кету керек, ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің
тапсырмасына орай
департамент бастығы, полиция генерал-майоры
М.Қабденовтің жетекшілігімен ай
сайын саптық
байқау өткізіліп тұрады. Бұл
жолғы саптық байқауда облыс орталығына жаңадан қоныстанған Ұлттық Ұлан сарбаздарына
қауіпті учаскелер көрсетіліп, қызметтік бағыттары айқындалды.
«Оңтүстік-ақпарат.