Үш мектептің құрылысы басталды

Келес ауданына «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов келіп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан мектептердің құрылыс барысымен танысты. Басқарма төрағасын Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев қарсы алды.  

Ауданда «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында 5 мектептің құрылысы жоспарланған. Олардың үшеуінің құрылысы биыл басталды. Жуантөбе және Ескіқорған ауылдарында мектептің іргесі келесі жылы көтеріледі. 
Басқарма төрағасы алдымен Ақтөбе ауылдық округінің Ғани Мұратбаев елді мекенінен бой көтеріп жатқан 600 орынды мектептің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда ғимаратының іргетасы қалануда. Мердігер мекеме басшылығына басты назарды сапаға аудару тапсырылды. 
– Мектептер толыққанды етіп тапсырылуы тиіс. Құрылыс та, жабдықтау да сапалы жүргізілуі керек. «Қазақтелеком» АҚ мекемесі арқылы құрылыс нысандарына интернет желісі тартылады. Бұл арқылы біз арнайы платформаны іске қосамыз. Нәтижесінде құрылыстың барысы, сапасы сынды көптеген ақпараттарды тікелей бақылауға мүмкіндік туындайды, – деді Мәулен Зарлықұлы. 
Басқарма төрағасы мен аудан әкімі «Жайлы мектеп» пилоттық жобасы аясында салынып жатқан Абай ауылындағы 600 орынды мектепте болып, құрылыс жұмыстарын жобаға сәйкес өз мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды. 

Г.Айходжаева.  Келес ауданы.

Пікір қалдырыңыз