Жастардың таңдауы қандай?



 Әрбір жастың өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі - мамандық таңдау. Адамзат өміріндегі қателесуге болмайтын шешімдердің бірі де осы. Қазіргі уақытта жастардың мамандық таңдауы өткенмен салыстырғанда өзгеше және жаңаша тәсілдерді қажет етеді. Бұл ретте олар көптеген факторларды ескереді. Ал, онлайн платформалар мен тренингтер мамандық таңдауды жеңілдетуге көмектеседі. Осы орайда біз жастардың  пікірін тыңдаған болатынбыз.

Аяжан Құлмұрат, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің 4-курс студенті:

Мен қазіргі уақытта медицина  саласында оқимын. Дәрігер болу – бала күнгі арманым. Бұл – адамның  денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған өте маңызды және жауапты сала. Оның ішінде хирургия саласын таңдап отырмын.


Медицина саласының болашағы жарқын. Жаңа технологиялар мен инновациялар медициналық қызметтердің сапасын жақсартады, ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді және дәрі-дәрмек қолдануды оңтайландырады. Бұл салада маман болу  жауапты да маңызды міндеттерді атқару ғана емес, сонымен қатар болашақта денсаулық сақтау саласын дамытуда маңызды рөл атқару мүмкіндігіне ие болу деген сөз.

   Болашақта медицина мамандарына деген сұраныс артып, бұл салада жұмыс істейтін адамдардың еңбек нарығындағы рөлі күшейеді. Осы себепті медициналық мамандықтарды таңдау – ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуға кепілдік беретін шешім деп есептеймін.

Айғаным Тағайбекқызы, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің 4-курс студенті:

Әлемде ең көп қолданылатын тілдердің бірі – ағылшын тілі. Қазіргі таңда мен ағылшын тілі мамандығында оқимын. Яғни болашақ тіл маманымын. Болашағы мықты  және жарқын мамандық деп батыл айта аламын. Жаһандану, цифрлық дәуір, көпмәдениетті әлем мен еңбек осының бәрі  ағылшын тілін одан әрі нығайтып, әлемдегі рөлін биіктете түсетініне  сенімім мол. Бұл тілді білу - болашаққа деген үлкен қадам. Осы мамандық иесі болу мен үшін үлкен жетістік деп санаймын.

Нуриддин Серікбай, Алматы энергетика және байланыс университетінің 4-курс студенті:

Ақпараттық технология – өте жылдам дамып келе жатқан сала. Әлем бойынша ең алғашқы орында. Болашағы өте зор. Алға қойған нақты мақсатым осы технология саласын тереңінен зерттеу. Жаңа дүниелерді ойлап тапқым келеді. Жалпы алғанда, IT саласы өте қызық әрі қиын деуге де  болады.  Ол жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл салада жастардың дамуы үшін бағыттар өте көп.

Думан Жұман, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық  университетінің 2-курс студенті:

Химия саласы – бүкіл адамзаттың өміріне әсер ететін, көп қырлы салалардың бірі. Бізді қоршаған ортаны, өндіріс, денсаулық сақтау сынды көптеген салада маңызы орасан зор. Қазіргі уақытта бұл салаға өз еркімен келе қоятын жастардың қарасы аз. Мұның болашағы жаңа технологиялармен тікелей байланыста. Экологияның таза болуы, жалпы медицинаның дамуы осы химияға байланысты. Осы тұрғыда бар күш-жігерімді салып, мықты маман болу үшін ізденіп, еңбек етуге дайынмын.

...Өткен жылы елімізде 341 мыңнан астам оқушы 9 – сыныпты аяқтады. Ал, 11 – сыныпты 186 мыңнан астам түлек бітірді. Түлектердің таңдау бағытына зерттеу жүргізген Оқу – ағарту министрлігі жиі таңдалатын мамандықтардың тізімін жариялаған болатын. Бұл – «Стоматологтар»  (4%), « Тауарлар мен киім дизайнерлері » (3%), « Спорт жаттықтырушылары, нұсқаушылары және спорт саласындағы мамандар » (2%), «Психологтар» (2%),  «Косметологтар және олармен байланысты мамандар» (1%), «Жарнама және маркетинг саласындағы мамандар» (1%),  «Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер » (1%).

Белгілі жазушы Жүсіпбек Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет» деген екен. Биыл орта мектепті және жоғары оқу орнын бітіретін жастарға таңдаған мамандығының мақтаулы маманы болсын деген тілек айтамыз.

                                                                              Ғазиза Жұман,

                                                                 М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 4- курс студенті

 

1 пікір

  • Paul Terry
    Paul Terry

    PROFESSIONAL CRYPTO RECOVERY EXPERT→THE HACK ANGELS I want to use this Medium to say big thanks to THE HACK ANGELS RECOVERY EXPERT for helping me recover my stolen crypto worth $960,000 through their hacking skills. I tried it. I was skeptical but it worked and I got my money back. I lost access to my digital wallet and lost all my crypto assets. I was devastated and felt like the world was pulling down on me. I had no idea of how to get back access to my crypto assets and gave up trying to get it back. I was scrolling through the internet and saw a post about a Crypto recovery company that goes by the name THE HACK ANGELS RECOVERY EXPERT. I didn’t hesitate to contact them and provided them with all the information. Throughout the process, communication was essential, and frequent updates gave much-needed transparency and assurance. They have a track record of successful cryptocurrency recovery, the firm has assisted several clients in recovering their lost or stolen digital assets. I highly recommend their services if you ever need a professional and reliable crypto recovery team. You can contact them through their hotline at (support@thehackangels.com) They also have a great website at (www.thehackangels.com) WhatsApp +1(520)200-2320) I promised to give back a review on their wonderful job well done

Пікір қалдырыңыз