Колледждер қандай маман даярлап жүр?

Серікқали Жексенбаев,
«Оңтүстік Қазақстан».
... Мектепті бітіргеніне бірер жыл болған ауылдағы ағайынның баласына жаным ашып, көмектескім келді.
— Кәсіптік лицейде оқысаң қайтеді? Ай сайын беретін шәкіртақысы бар. Бітірген соң бір мамандық алып шығасың, — деп ақылымды айтқанмын.
Әрине, қазір мамандығы жоқ жастардың жұмыс табуы неғайбіл! «Колледждер қандай маман даярлап жүр?» деген сауалға осылайша жауап іздей бастадым...
Қазіргі таңда еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде түбегейлі реформалар жүзеге асуда. Ресми мәлімет бойынша республикада барлығы 787 колледж болса, оның 216-сында жұмысшы мамандар даярланады екен. Демек, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу, сондай-ақ, колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру өз деңгейінде жүргізілуі тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Тәуелсіз елдің болашағы жастардың қолында десек, бұл олардың қолындағы алтын тұмар болады деген үміт бар.
Төлеби ауданы, Көксәйек елді мекенінде орналасқан 63 жылдық тарихы бар Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі – облыстағы алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Қазір мұнда директордың міндетін Ермахан Сарыпбеков атқарып отыр. Оқу орнына сұранысқа ие көптеген мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізуде мемлекет тарапынан қаржыландыру қолға алынып, соған сай шеберханалар мен дәрісханалар заманауи құралдармен жабдықталған. Озық үлгідегі шетелдік ауыл шаруашылығы техникаларымен толықтырылып, колледждің материалдық-техникалық базасы анағұрлым жаңартылды. Колледждің педагогикалық ұжымы қазіргі нарықтық заманға сай бәсекеге қабілетті, білімді де білікті, халық шаруашылығына аса қажетті, сұранысы жоғары кәсіби маман кадрларын даярлау жолында аянбай еңбек етіп келеді. Мұнда елімізге қажетті ауыл шаруашылығы саласының мамандары, атап айтқанда, механизатор, комбайншы, электр газымен дәнекерлеуші, автокөлік жөндеуші слесарь, автоэлектрик, туризм салалары бойынша саяхат жүргізушісі, тігінші, кондитер, аспаз, наубайханашылар даярланады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектер колледж және кәсіпорындар арасында жасалған меморандум, келісімшарттар негізінде аудандағы шаруашылықтарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Оқу орнының негізгі өндірістік базасы 60-тан астам кәсіпорын мен өндірістік кооперативтер болып табылады. Колледжді бітірген түлектердің осы шаруашылықтарда және басқа да кәсіпорындарда одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері қарастырылған.
Колледжде қазіргі таңда 559 студент білім алуда. Ал, «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша барлығы бес топта жүзден астам студент оқиды. Онда студенттерге терең білім мен тәрбие алулары үшін барлық жағдай жасалған. Заман талабына сай жабдықталған, интерактивті тақталар қойылған, мультимедиалы кабинеттер мен тәжірибелік оқыту құралдары бар зертханалар жұмыс істейді. Оқу-өндірістік практикаға арналған 63 гектар жер телімі бар. Студенттердің теориядан алған білімдерін практика жүзінде шыңдауы үшін 2020 жылы сатып алынған шетелдік «JOHN DEERE» комбайны, 3 дана «Беларусь 1025.2» тракторы, «SAM 388» жүксалғыш эксковаторы, өздігінен жүретін «Мещера Е-403» шөп оратын агрегаты және қолданыстағы «Енисей -1200» комбайны, бір-бір данадан «МТЗ-82», Т-28, тракторлары мен ГАЗ-53А, ЗИЛ-130 автокөліктері, оқу-жаттығуға арналған жеңіл автокөліктер қызмет көрсетеді. Бұл бір колледждегі жағдай. Ал, өңіріміздегі ахуал қандай деңгейде?
Жалпы, біздің облыста мамандар даярлау ісі тәуір жолға қойылған. Мәселен, болашақ агрономдар теориялық білімін жылыжайлар мен алқаптарда практика барысында жетілдіреді. Сондай-ақ, студенттер ветеринария, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік пен өндіріске қатысты салаларды меңгеруде.
Естеріңізде болса, былтыр облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте аймақтағы арнаулы оқу орындарында білім сапасын көтеру мәселесі талқыланған болатын. Әсіресе, осы білім ошақтарындағы техникалық базаны жақсарту, нарыққа қажетті мамандарды даярлау және грант санын көбейту, жатақханамен қамту, мемлекеттік тапсырысты оңтайландыру мәселелері міндеттелді. Бұл бағыттағы жұмыс бұрыннан назарда: 2023 жылы 18 колледждің базасы нығайтылса, былтыр 7 колледж ағымдағы жөндеуден өтті, 3 білім ұйымының жылу жүйесі газға ауыстырылды. Колледждерде қоғамға қажет ІТ саласына назар аударылып, бір білім мекемесінің оқу базасы жаңартылды.
Өңірдегі колледжерде 75 мамандықта 48 мыңға жуық студент оқиды. Облыста жалпы 50 орта арнаулы оқу орны жұмыс істейді. Олар жұмысшы мамандықтары жылында еңбек адамдарын насихаттауға күш салуда. Былтыр облыста колледждерге 15 мыңнан астам грант белгіленіп, толық игерілді. Тегін білім алуға ауыл-аймақтағы және NEET санатындағы жастар тартылды.
Колледждердегі мониторинг автоматтандырылған. Мұның өзі білім сапасын жақсартуға септігін тигізетіні сөзсіз. Негізі білім алушылардың дәріске қатысуын айқындайтын FACE ID жүйесі 25 мемлекеттік колледжде орнатылған еді. Өткен жылы 260 студент оқудан шығарылды. Тиісті орындар осындай кемшілікке жол берген және білім деңгейі төмен колледждерге рейтинг жасап, басшыларына қызметтік тексерулер жүргізуде.
Болашақ – білімді жастардың қолында. Ендеше, оқу-тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, сабақтарда жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып, студенттердің кәсіби деңгейін дамыту колледждер жұмысының басты бағыты болып қала бермек.
Paul Terry
PROFESSIONAL CRYPTO RECOVERY EXPERT→THE HACK ANGELS I want to use this Medium to say big thanks to THE HACK ANGELS RECOVERY EXPERT for helping me recover my stolen crypto worth $960,000 through their hacking skills. I tried it. I was skeptical but it worked and I got my money back. I lost access to my digital wallet and lost all my crypto assets. I was devastated and felt like the world was pulling down on me. I had no idea of how to get back access to my crypto assets and gave up trying to get it back. I was scrolling through the internet and saw a post about a Crypto recovery company that goes by the name THE HACK ANGELS RECOVERY EXPERT. I didn’t hesitate to contact them and provided them with all the information. Throughout the process, communication was essential, and frequent updates gave much-needed transparency and assurance. They have a track record of successful cryptocurrency recovery, the firm has assisted several clients in recovering their lost or stolen digital assets. I highly recommend their services if you ever need a professional and reliable crypto recovery team. You can contact them through their hotline at (support@thehackangels.com) They also have a great website at (www.thehackangels.com) WhatsApp +1(520)200-2320) I promised to give back a review on their wonderful job well done