Жеке қабылдау жүргізіледі


Мемлекет Басшысының және Бас Прокурордың халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуді және азаматтардың мәселелерін шешуде көрсетілетін көмек сапасын жетілдіруі өз тиімділігін көрсетуде.

Осы орайда Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен жеке қабылдау жүзеге асырылуда.

Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі соттылығының жойылғаны туралы ақпарат алу немесе өздерінің туыстарына қатысты архивтік құжаттардың көшірмелерін беру мәселелерімен жүгінеді.

Қабылдау барысында басшы құрам әр азаматтың жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заң шеңбері аясында жауап берсе, кей мәселелер қабылдау барысында өз шешімін табуда.

Департаменттің басшылық құрамы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау сұрақтары немесе ескертулері күнделікті (дүйсенбі-жұма) сағат 9:00-18:30 дейін жүргізетіндігін хабарлаймыз.

 

Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу

жөніндегі  комитетінің Түркістан облысы бойынша

департаментінің бастығы

А.О. Сапарғалиев  

Пікір қалдырыңыз