Қазығұрттықтар жаңа оқу жылына жақсы қамданыпты
Қазығұрт ауданының мектептерінде биыл 37277 оқушы білім алады. Оның 2650-і – бірінші сынып оқушылары. Өңіріміздегі өзекті проблемалардың бірі мектептердегі орын тапшылығы екені белгілі. Өткен жылы 7 мектептің, атап айтқанда, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебіне – 300, Т.Тула атындағы жалпы орта мектебіне – 300, С.Рақымов атындағы жалпы орта мектебіне – 300, Атажұрт (Жаңа Айнатас) елді мекеніндегі мектепке – 100 және Амангелді атындағы жалпы орта мектебіне 150 орынды қосымша мектеп ғимараты салынған. Сондай-ақ, 200 орынды П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебінің, 200 орынды Сырлысай елді мекеніндегі жалпы орта мектептерінің құрылысы басталған.
Бұл туралы Қазығұрт аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әмірхан Мамытбаев мәлім етті.
Аудандық білім бөліміне қарасты 20 мектепке 4711 тонна қатты отын, 7 мектепке 352,2 мың литр сұйық отын, 46 мектепке 1 346,3 мың текше метр табиғи газ берілуі жоспарланған.
Биыл 6 мектепті қатты отыннан табиғи газға ауыстыруға бюджеттен 149 млн. 813,2 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда төрт мектеп табиғи газға қосылды. Жылу маусымына дейін екі мектеп қатты отыннан табиғи газға көшірілмек.
Білім мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Яғни ауданда 70 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.
Алдағы уақытта аудан мектептеріне тағы да 80 дана бейнебақылау құрылғыларын сатып алу үшін бюджеттен 64 млн. 475 мың қаржы бөлініп отыр.
Бүгінде ауданның білім беру ұйымдарын мамандандырылған күзетпен қамту үшін қыркүйек-желтоқсан айларына 39 мектепке 48 млн. 360 мың теңге қаражат бөлініп, ол мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жарияланған.
Сондай-ақ, оқушыларының саны 700-ден көп 11 мектепке турникеттер орнату үшін бюджеттен 24 млн. 420 мың теңге қаралып, мемлекеттік сатып алу басқармасына ашық конкурс өткізу үшін өтініш берілген.
Аудандағы 18 мектептің сыртқы қоршауларын қалпына келтіруге 264,2 млн.теңгеге жуық қаражат жұмсалған.
Жалпы аудан мектептеріне 2023-2024 оқу жылында 1-11- сыныптар үшін 37 939 (28966 кітап, 8973 электронды кітап, 1,2-сыныптардың цифрлық сауаттылық жетіспейді. Бүгінде аудандық білім бөлімі тарапынан тапсырыс берілген оқулықтар арнайы баспалардан ауданға жеткізіліп, мектептерге таратылуда.
– Ауданда мектебі жоқ 8 елді мекенде 627 мектеп жасындағы бала бар. Олар жақын маңдағы мектептерге қатынап оқиды. Оларды тасуға 9 автокөлік ұйымдастырылған. Бұл үшін қыркүйек-желтоқсан айларына 19 млн. 707 мың теңге бөлінген. 2023-2024 оқу жылында 627 оқушыны тасымалдау үшін Қазығұрт ауданында мемлекет тарапынан берілген 20 орынды
4 автобус, 38 орынды 1 автобус және мердігерлер есебінен алынған 3 автокөлік қызмет көрсетеді, – дейді аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әмірхан Мамытбаев.