«Балалар кітапханасы» – жаңа жобаларға бастайтын бағдарлама

Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында 16 аудандық, бір қалалық, үш ауылдық филиал бар. Онда 100 кітапханашы жұмыс істейді. Біздің кітапханашылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты тақырыпта Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың ІІ отырысында сөйлеген сөзін «Оңтүстік Қазақстан» газетінен оқыды. Оның ішінде «Ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту» деп аталатын бесінші бөлімге ерекше назар аударды.
Идеология жұмысындағы басты бағыттардың бірі – кітап басып шығару ісі. Елімізге әдеби кітаптардың 90 пайызы сырттан келеді. Сондықтан, қазіргі уақытта ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шығару өте маңызды міндет болып отыр.
Бүгінде еліміздегі мектеп кітапханаларында 130 миллионнан астам кітап қоры бар. Дегенмен, онда көркем әдебиеттің үлесі тым аз. Осы орайда Мемлекет басшысының «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны қолға алуды тапсырғаны бәріміздің көңілімізден шықты. Ол үшін қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын шығармалардың тізімі жасалуы керек. Бұған қоса сол тізімдегі кітаптардың барлығы балаға қолжетімді болса дейміз.
Президент Құрылтайда тәулік бойы жұмыс істейтін Президент кітапханасын ашу мәселесін де көтерді. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұндай кітапхананы Түркияның астанасы Анкарада көрген екен. Дәл осындай кітапхананы біздің елімізде де салуға толық мүмкіндік бар деп ойлаймын.
Президенттің «Балалар кітапханасы» деп аталатын жаңа бағдарламасына орай ұжыммен жұмыс жоспарын қайта қарап, жаңа жобалар жасадық. Атап айтар болсақ, қазір балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін «Biblio жаз – 2023» жазғы лагерін ұйымдастырудамыз. Оқырмандарға драматургия жанрына қалам тербейтін жазушыларды таныстырып, олардың шығармаларынан сахналандырылған көрініс қою мақсатында «Балалар кітапханасы + Театр» жобасын қолға алмақпыз. Жаңадан шыққан кітаптарды талқылайтын «Түркістан облысының жазушылары – балаларға» және балаларға арналған мерзімді басылымдарға шолу жасайтын «Барлық қызығушылық – баспасөзде!» атты жобаларды да іске асырмақпыз.
Сонымен қатар, республика бойынша кітапханааралық байланысты нығайтуды көздейтін «Әдеби галактика» атты республикалық байқау мен балаларды көркем әдебиет оқуға шақыратын «Кел, балалар, оқылық!» атты кітап фестивалін ұйымдастырмақпыз. Осы мақсатта жергілікті қаламгерлердің балаларға арнап жазған дүниелерін жинақтап жатырмыз. Оларды кітапханамызға шақырып, іс-шаралар өткізуді де жоспарлаудамыз.
Кітапханамыз заман талаптарына сай модернизациялаудан өткізіліп, кітап қоры заманауи әдебиеттермен толықтырылса деген тілегіміздің бар екенін де айта кетейік.
Ақмарал ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасының директоры.

Улан
Балалар кітапханасы» жоспары болса жіберіңізші 87752484248