География олимпиадасынан жүлдемен қайтты

ЕGeO-2023 Еуропалық географиялық олимпиадасынан Шымкент оқушылары жүлдемен қайтты
География пәні бойынша өткен еуропалық олимпиадада химия-биология бағытындағы НИШ оқушылары Серікбай Қанат күміс медаль, ал Сыдыков Арсен қола медаль иегері атанды.
Бастапқыда Балқан олимпиадасы деп аталған Еуропалық географиялық олимпиада – 12 мен 19 жас аралығындағы мектеп оқушыларының жыл сайынғы жарысы. Еуропалық географиялық олимпиада 2023 жылдың 24-30 маусымы аралығында Сербияда, Белград қаласында өтіп, 9 елден 98 қатысушыларды біріктірді.
Арсен мен Қанат география пәнінен республикалық, желілік олимпиадалардың  бірнеше дүркін жеңімпаздары, сондай-ақ мектепте озат зияткерлер.
Айта кетсек, енді оқушыларымыз ел намысын  IGeo-2023 халықаралық олимпиадасында 2023 жылдың тамыз айында қорғайды.
Пікір қалдырыңыз