Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу қағидасы

                     Сот істерін олар қаралғаннан кейін рәсімдеу

        Қазіргі таңда аудандық соттарда іс қағаздары жаңа қағидаға сай жүргізіледі. Аудандық соттағы кіріс-шығыс хат-хабарларын қабылдау, тіркеу, жіберу тәртібі, сот істері мен материалдарды тіркеу және есепке алу, сот істерін олар қаралғаннан кейін рәсімдеу, аппеляциялық және жеке шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және есепке алу, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерін орындауға жіберу жүргізіледі. Аудандық және оған теңестірілген соттарда іс-қағаздарын жүргізу қағидасына сәйкес, құжаттарды қабылдау мен тіркеу тәртібі яғни сотқа түсетін хат-хабарларды кеңсе қызметкерлері қолын қойып, алынған күні, уақыты, оны алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіліп қабылданады.

     Аудандық сотта сот істерін олар қаралғаннан кейін белгіленген ережеге сәйкес істерді сақтауға, аяқталған істер аудандық және оған теңестірілген соттарды іс жүргізу ережесінде көзделген талаптарға сәйкес рәсімделуге жатады. Істерді рәсімдеу оларды іс жүргізуде бастаған сәттен басталады. Сот істері аяқталғаннан кейін, іске прокурор тарапынан жеке өтінішхаттар, адвокаттар тарапынан аппеляциялық шағымдар түскен жағдайда, аудандық және оған теңестірілген сот хатшылары сотқа қатысушы тараптарға танысып оған танысуға мерзім беріп хат арқылы жолдайды. Тараптардың аппеляциялық шағым беру мерзімі аяқталғаннан соң, істің дұрыстығы бақыланып, істің мұхабасын жазып, тігіп аппеляциялық сотқа қарауға жолдайды. Аппеляциялық сотта іс қаралып, болған қайта бірінші іс қарлаған сотқа қаулы арқылы орындауға жолданады, Аудандық және оған теңестірілген сот мәжілісінің хатшылары орындау үшін жолдама хат арқылы тиісті мекемелерге атқару парақтарын жолдап, оларға орындау үшін мерзім беріп бақылайды. Орындалған атқару парақтары бойынша және жойылған заттай дәлелдемелердің тұп-нұсқасы мекемелерден орындалғаны жөнінде ақпараты келген соң іске тігіп, істің сақтау және жою мерзімін мұхабасына жазып мұрағатқа өткізеді. Іс мұрағатқа откізгеннен соң толықтай аяқталады.  Яғни іс қағаздарын тіркеу: парақтарды нөмірлендіру құжаттардың ішкі құжаттарын рәсімдеу, беру, куәгердің қолын рәсімдеу және мұқабаны жобалау болып табылады.  Сот істерін бастағаннан сәттен және қаралғаннан кейін рәсімдеу сот-отырысының хатшысының міндеті болып табылады.

А.Орынбасар,

Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің сот отырысы хатшысы

Пікір қалдырыңыз