Үздік әскери палуандар анықталды

Қарулы Күштер чемпионатына жолдама үшін сайысты.

Механикаландырылған бригаданың спорт кешенінде қазақша күрестен турнир өтті, онда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінен 32 палуан «Оңтүстік барысы» атағы және қазақ күресінен Қарулы Күштер чемпионатына жолдама үшін күреске шықты.  Жарыс 80 келіге дейінгі және одан жоғары екі салмақ дәрежесінде өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша 80 килограмнан астам салмақ дәрежесінде 03811 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Ертуған Төрелов, ал 85395 әскери бөлімінің намысын қорғаған лейтенант Айбек Солтанханов жеңіл салмақта жеңімпаз атанды.
Ал үздік тәсіл жасағап және танытқан мәрттігі үшін 75263 әскери бөлімінің дене шынықтыру және спорт бастығы аға лейтенант Диас Габдулла жеке грамотамен марапатталды, ол үшінші орын үшін финалда 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбазы қатардағы жауынгер Алишер Секенге өз еркімен жеңісін сыйлады. 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы майор Мадьяр Бабаханов атап өткендей, жарыс пен барлық қатысушылардың дайындығы жоғары деңгейде болды.

- Жыл сайын ұлттық спорт түрлерінен өткізілетін сайыстар өңірлік қолбасшылықтың чемпионаттарында үлкен қарқын алуда. Жарысқа қатысушылардың саны ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілердің шеберлік деңгейі де артып келеді. Өскелең ұрпақ күрестің бұл түріне қызығушылық танытып отыр, - деп толықтырды майор Мадьяр Бабаханов.

Айта кетсек, турнир жеңімпазы Қазақ күресінен – «Әскер Барысы» Қарулы Күштер чемпионатына жолдама иегері атанды.


Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі
Пікір қалдырыңыз