Жүлдемен оралды
Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің қолдауымен математика, физика және информатика пәндерінің олимпиадалық резерві мұғалімдері мен жаттықтырушыларының V Халықаралық ашық шығармашылық байқауы – IMPACT Olympiad өтті.
Олимпиадаға Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары да қатысып, құр алақан оралған жоқ. Математика пәнінің мұғалімдері Шойбеков Абдумалик Әбубәкірұлы – 2 орын, Уразтаев Данияр Бақтыбайұлы – 3 орын алса, ал физика пәнінен Жармұханбетов Серік Бегалиұлы – 3 орын, информатика пәнінен Қыдыралы Қуаныш Қанатұлы – 2 орын иеленді
Жарысқа Ресей, Татарстан, Моңғолия, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстаннан математика, физика, информатика бойынша олимпиадалық резервтің 250-ден астам оқытушылары мен жаттықтырушылары қатысты.