Бес оқушы халықаралық олимпиадаға қатысады

Қазақстан атынан IESOда 9 оқушы қатысады. Оның ішінде 5 оқушы Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқиды.
Серикбай Қанат,Абдразак Сұнғат ,Кенжетай Абай ,  Нуртай Санжар, Жамбырхан  Ғани жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиадада (IESO)  ел намысын қорғайтын болады. Оқушылар 2023 жылғы IESOның республикалық кезеңінде геология, геофизика, метеорология, мұхиттану және астрономия пәндерінен білімдерін сынап,37 мемлекетті асып түсіп, жоғары нәтиже  көрсетті. 
IESO – әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірі. 2007 жылдан бастап Корея, Испания, Бразилия, Жапония, Франция,Тайланд  және басқа елдерде өткізілген білім бәйгесі биыл Италияда қашықтан ұйымдастырылып,тамыз айында ең үздік жас геологты анықтайтын болады. 
Қазастан құрамасы биылғы жылғы IESOда «Жас геолог» қоры мен Назарбаев Университетінің қоладуымен өнер көрсетеді. 
Еске сала кетсек, өткен жылы Қазастанның атын танытқан Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары -Тазабек Еркебұлан және Сыдыков Арсен IESO олимпиадасының қола жүлде  иегерлері атанды
Пікір қалдырыңыз