Сөзден іске көшетін кез келді


Жаңа жүйенің қалыптасқанын бәріміз де қалап отырмыз. Ол үшін сөзден іске көшуіміз керек. Әділетті қоғам орнату үшін ашықтық пен жариялылыққа, теңдік пен талапшылдыққа ерекше назар аударып, әрбір әрекетімізді көпшілікпен ақылдасып шешкеніміз абзал.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті қоғам орнату үшін көптеген бастамалар көреріп, оны ертерек жүзеге асыру жолдарын да айтып жүр. Ел басқару ісіне өздерінің адалдығымен, іскерлігімен, ұлтжандылығымен көзге түсіп жүрген жастарды көптеп тарту керектігін тапсырған болатын. Бүгінде бұл тапсырма да орындала бастады. Мемлекеттік қызметке келіп жатқандардың басым бөлігін жастар құрайды. Енді депутаттарды да жастардан жасақтау керек.  

Кеше ғана Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады. Конституциялық реформа аясында саяси партияларды тіркеу рәсімі бұрынғы кезбен салыстырғанда біршама жеңілдетілгенін аңғаруға болады. Яғни, сайлауға түскісі келетін партия мүшелерінің санына қатысты талап өзгерді.

Бұл мүмкіндікті қалт жібергісі келмеген қағілез адамдар мен белсенді топтар өздерінің әрекетін жасап жатыр. Бүгінде елімізде бірнеше саяси жаңа партиялар тіркеліп үлгерді. Мұны демократияға бет бұрған нақты қадам деуге болады.

Тұрғанбек ҚАНАЕВ,

«Ақ Орда» шаруа қожалығының төрағасы.

Шардара ауданы. 

Пікір қалдырыңыз