Жасыл кілемде – «Жас барыстар»!

Кентау қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде қазақ күресінен Түркістан облысының жастар мен жасөспірімдері арасында «Жас барыс» турнирінің жалауы көтерілді. Турнирге өңіріміз бойынша іріктеуден өткен 120 балуан қатысып, кім күштіні анықтады. Жастар арасында қазақ күресінен облыстың аға бапкері Ерлан Сыздықовтың айтуынша, осы бәсекеде топ жарған жеңімпаздар 14-16 желтоқсан күндері Астанада өтетін республикалық жарыста облыс намысын қорғайтын болады.

Жасөспірімдер арасында 55 келі салмақта сынға түскен Розиман Тогышов пен 64 келідегі талантты жас спортшы Нұрсаят Әбдуақас, жастар арасында үздік өнер көрсетіп келе жатқан 66 келідегі Төлен Әділ өздерінің нағыз спорттық бабында екендіктерін дәлелдеді. Бұдан өзге түркістандық Шайихслам Бауыржаннан жаттықтырушылар мол үміт күтетіндіктерін айтады.

Мамандар қазір қазақ күресін дүниежүзілік деңгейге шығару үшін игілікті істер атқаруда. Түркістан облысында соңғы кездері қазақ күресі жастар арасында кеңінен насихатталып, бүгінде мыңдаған ауыл жастары спорттың осы түрімен кәсіби тұрғыда айналысады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз