Пікір алмасты

2022 жылғы 16 қыркүйек күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» кафедрасының PhD аға оқытушысы Алмас Құралбаев «Мемлекеттік басқаруды қайта жаңғырту» тақырыбында пікірталас өткізді.

 Пікірталасқа оқу ордамыздың студенттері мен жас ғалымдары қатысты.

Модератор PhD аға оқытушысы А.Құралбаев өз сөзінде мемлекеттік басқару саласында КОВИД-тан кейінгі кезеңде жаңа модель құру керек екенін айтып өтті.

Сонымен қоса, Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Е.Жандарбеков  еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуы үшін мемлекеттік басқару саласына реформалардың маңызы туралы, қоғамымыздың әрбір мүшесінің саяси белсенділігін арттыру қажеттілігін айта отырып, білімгерлер мен жас ғалымдардың сұрақтарына жауап берді.

 Пікірталас барысында, Әлеуметтік мәдени даму вице-ректоры А.Тұрганбаев та сөз алып, президенттің жолдауындағы өзекті мәселелерге назар аударды. Соның ішінде, ел дамуы үшін қажетті факторлардың бірі әлеуметтік теңсіздікті жою қажет екенін атап өтті.

Жас ғалымдарды мемлекеттік басқару саласындағы орын алып жатқан жаңашыл және батыл қадамдардың маңызы қызықтырды. 

Пікірталасқа қатысушылар мемлекеттік басқару мәселелерін түсіндіру бойынша кездесулердің маңызы жоғары екенін айтты.

Пікір қалдырыңыз