Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы

2022 жылдың 9 айында Шымкент қаласының Еңбекші ауданы бойынша кәмелетке толмағандармен 10 қылмыстық құқық бұзушылық жасалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейтуді атап өтті.

         2022 жылдың 9 айында Шымкент қаласының Еңбекші ауданы бойынша кәмелетке толмағандармен 10 қылмыстық құқық бұзушылық жасалды (8-теріс қылық және 2 қылмыс).

         Осыған орай, Еңбекші ауданы прокуратурасымен кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептерде оқушылармен кездесүлер ұйымдастырылуда.

         Мысалы, 08.09.2022 жылы жергілікті атқарушы, уәкілетті органдар, полиция және прокуратураның қатысуымен Шымкент қаласы «Қазыбек би» атындағы №36 жалпы орта мектебінде «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, суицидке жол бермеудің, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасымен керағар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттері туралы» тақырыбы бойынша 8-11 сынып оқушыларына семинар өткізілді.

         Семинарда оқушыларға құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының принциптері, әлеуметтік желілер: олардың пайдасы мен зияны, әлеуметтік желілердегі сайттарды дұрыс пайдалану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліді.

         Сонымен қатар, семинарда елімізде белең алып келе жатқан есірткі заттарының заңсыз айналымы жөніндегі өзекті мәселесі талқыланды.

Есірткі заттарының синтетикалық түрлерінің кеңінен таралуы, әсіресе жастар арасында жоғарғы сұранысқа ие болуы алаңдатады.

Президентіміз 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жасаған жолдауында бүл кеселмен күресу бағыты жалпыұлттық деңгейде көтерілуі қажет екендігін жеткізді.

Қолданыстағы технологияның дамуы есірткі заттардың таралуындағы жаңа әдістерінің пайда болу жолдарын ашуда.

Аула қабырғаларында бейнеленген есірткі заттарының жарнамалары, есірткінің сан алуан түрін сатуға дайын тұрған Интернет желісіндегі сайттар, есірткіні оңай саудаға салуға мүмкіндік беретін әлеуметтік мессенджердегі парақшалар жыл санап көбейіп келеді.

Осыған орай қоғам, саналы азамат және әрбір қызметкер есірткі бизнесімен күресуді өзінің асыл борышы ретінде санап, соған сай сауатты шара қолдануы заман талабы екендігі түсіндірілді.

Өз кезегінде семинарға  шақырылған нарколог-психиатр маман өзінің баяндамасында, жасөспірімдердің психологиялық және психикалық денсаулығына ерекше назар аудару керектігін, нашақорлықтың салдарын, электронды темекінің адам ағзасына зияны туралы, есірткі қабылдаған адам өмір бойы психикалық ауру деген диагнозы қалатындығын түсіндірді.

Сондай-ақ, жасөспірімдердің психикасы мен психологиясы көптеген факторларға тәуелді екенін ескере отырып, оған күнделікті тәртіпті сақтау, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру, қозғалыс белсенділігі және психологиялық жайлылық туралы айтып өтті.

Осыған ұқсас семинарлар барлық мектептерде өткізілуі жоспарлануда.


    Еңбекші ауданының прокуратурасы

«Профилактика по предупреждению правонарушений среди несовершеннолетних»

 

Президент Республики Казахстан Токаев К.К. в своем Послании народу Казахстана отметил важность усиления профилактики правонарушений среди несовершеннолетних.

За 9 месяцев 2022 года по Енбекшинскому району города Шымкент несовершеннолетними совершено 10 уголовных правонарушений (8-проступков и 2 преступления).

В этой связи прокуратурой Енбекшинского района в целях профилактики правонарушений среди несовершеннолетних в школах проводятся встречи с учащимися.

Так, 08.09.2022 года проведен семинар с участием местных исполнительных, уполномоченных органов, полиции и прокуратуры в средней школе №36 имени «Казыбек би» на тему «о деятельности религиозных течений и сект с профилактикой бытового насилия, торговли людьми, наркомании, правонарушений среди несовершеннолетних» для учеников 8-11 классов.

На семинаре учащимся была проведена разъяснительная работа об ответственности, предусмотренной за правонарушения, принципах профилактики бытового насилия, социальных сетях: их пользе и вреде, правильном использовании сайтов в социальных сетях. Кроме того, на семинаре были обсуждены актуальные вопросы незаконного оборота наркотических средств, которые продолжают расти в стране.

Настораживает широкое распространение синтетических видов наркотических веществ, особенно среди молодежи, которые пользуются повышенным спросом.

В своем Послании народу Казахстана от 1 сентября Президент Казахстана подчеркнул, что курс на борьбу с этой напастью должен быть поднят на общенациональном уровне. Развитие существующих технологий открывает пути появления новых методов распространения наркотических веществ.

С каждым годом все больше рекламы наркотических средств, изображенных на стенах двора, сайтов в сети интернет, готовых продавать самые разные виды наркотиков, страниц в социальных мессенджерах, позволяющих легко торговать наркотиками.

В этой связи было разъяснено, что общество, сознательный гражданин и каждый работник должны считать борьбу с наркобизнесом своим благородным долгом и принимать соответствующие меры.

В свою очередь, приглашенный на семинар специалист нарколог-психиатр в своем докладе разъяснил, что особое внимание следует уделить психологическому и психическому здоровью подростков, о последствиях наркомании, о вреде электронных сигарет на организм человека, о том, что человек, принимающий наркотики, на протяжении всей жизни будет иметь диагноз-психическое заболевание.

Также, учитывая, что психика и психология подростков зависят от многих факторов, она рассказала о соблюдении распорядка дня, правильном питании, прогулках на свежем воздухе, двигательной активности и психологическом комфорте.

Аналогичные семинары планируется провести во всех школах.

 

                Прокуратура Енбекшинского района

Пікір қалдырыңыз