Тазар, қазақ!

Конституциялық реформаның қаншалықты маңызды екенін жұртшылықтың көпшілігі түсінеді.

Бүкіл байтағымыз байсалды да байыпты таңдауын жасады деп ойлаймын. 


Келушілердің көңіл-күйлері жақсы. 

Бүкілхалықтық референдум —Қазақстандағы өзгеше оқиға, әділеттілікке, шынайылыққа, өрлеуге, жаңаруға жасалған жасампаз қадам. 


Облыстық штабтың мүшесі болдық. "Аманат" партиясының атынан заң аясында жұмыстар жүйеледік. 


Адамдарды аранайы жинатпай ақ, жиналыстармен ығыр қылмай-ақ, шайханаларда, бейресми басқосуларда қариялардың, ардагерлердің шүйіркелесетін жерлерінде, қаламгерлерді шақыратын кездесулерде сұхбат құрдық. 

Конституциялық реформаның қаншалықты маңызды екенін жұртшылықтың көпшілігі түсінеді. 


Алайда патерналистік психологияның басымданып, белең алып кеткені, адам пейілі мен мейірінің жүдеп-жадағаны да баршамызды қатты ойландырғаны абзал. 


"Ата Заң тазарды, Алашым сен де тазар!" —дегім келеді. 


Мархабат Байғұт.

Пікір қалдырыңыз