Елдігімізді танытайық

Дәл қазір үрейге бой алдыратын уақыт емес.

Мемлекет басшысының елде қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты жасаған Үндеуін тындадық. Ахуал күрделі, дегенмен еңсемізді түсірмейік. Апаттың салдарын жоюға жұмыстар қызу жүріп жатыр. Президент еліміздегі барлық атқарушы органдарға жіберген олқылықтарды түзету мақсатында шұғыл түрде нақты тапсырмалар берді. Премьер-Министрдің басшылығымен республикалық штаб құрылды. Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштер жолдайтын болды. Мұның бәрі елдің ертеңге деген сенімін оятты.

Дәл қазір үрейге бой алдыратын уақыт емес. Бірлігімізді танытып, зардап шеккен өңірлерге қолдан келген көмегімізді көрсеткеніміз жөн. Жаманшылық артта қалып, жаймашуақ мамыражай күніміздің тезірек оралуын тілейік. Елдігімізден айырылмайық!

Байділдә ЖЫЛҚЫШИЕВ, 
облыстық қоғамдық кеңес төрағасы.
Пікір қалдырыңыз