БІРЛІГІМІЗ БЕКЕМ БОЛСА, АЛЫНБАЙТЫН ҚАМАЛ ЖОҚ

Сондықтан біз осы сынақ сәтінде қандай әрекет жасасақ та, ел игілігін ойлауымыз қажет.

Еліміздің он аймағында соңғы жүз жылдықта болмаған табиғи апат орын алып жатыр. Бұл апат талай адамды қиындықпен бетпе-бет келтіріп, ондағы ағайынның жай-күйі кім-кімді болса да алаңдатып отырғаны сөзсіз. Басқа түскен нәрсені көргеннен басқа амал жоқ. Дегенмен, біз осы қысылтаяңнан барынша бойды тіктеп шығу жағын да ескеруіміз қажет. Ол үшін елдің бірлігі, биліктің үйлесімді тірлігі қажет.


Сәйкесінше, апат белең ала бастаған сәттен-ақ қазақ халқы да, мемлекет билігі де өз деңгейлеріндегі істерді қолға алды. Бүгін Президентімізді Үндеуінде бұл туралы егжей-тегжейлі айтылып, елеңдеп отырған елге керекті ақпараттар мәлім болды. Расында, бізге көрінбегенімен, апат аймақтарында ауқымды жұмыстар атқарылып, тасқынға қарсы тоқтаусыз күрес жүргізіліп жатыр. Және де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай ешкім далада қалмай, қаржылай да, материалдық тұрғыдан да қолдау көрсетіледі.


Сондықтан біз осы сынақ сәтінде қандай әрекет жасасақ та, ел игілігін ойлауымыз қажет. Көмек көрсетуге шамаңыз жетпесе де, тым құрығанда ел ішін ірітетін, қоғамды дүрліктіретін жалған ақпаратты таратудан тыйылған абзал.


Әрине, біз бұл жағдайдан сабақ алып, кенжелеп қалған су шаруашылығы саласын жандандыруымыз керек. Бірақ, дәл қазір тұрақтылықты, азаматтардың амандығын ойлайық, ағайын! Су зардабын көріп жатқан бауырларымызға саулық пен сабыр тілеймін!


Созақбай Әбдіқұлов, 

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы.


Пікір қалдырыңыз