Ұландықтар Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Мерекелік іс-шара әскери қызметшілердің салтанатты шеруімен аяқталды.

4 маусым күні Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506  әскери бөлімінде Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара тәртіпке сай еліміздің нышандарын саптық алаңға шығарып, мемлекетіміздің Туын көтеруден басталды.

— Еліміз Тәуелсіздігін алғалы көп ұзамай, ала сапыран заманнан жаңа бастамаға көш бастап, зиялы, бейбіт, тәуелсіз еліміздің белгілері — Ту, Елтаңбас, Әнұранын бекіткен болатын. Содан бері, міне 30 жыл өтті, ендігі жауапкершілік Сіздердің еншілеріңізде — яғни, жас ұрпақта! Еліміздің көк байрағын биікте ұстайтындарыңа сенемін, - деп бөлім ардагері Әлихан Оңласынов сарбаздарға сенім білдірді.

Мерекелік іс-шара әскери қызметшілердің салтанатты шеруімен аяқталды.

 6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі
Пікір қалдырыңыз