«САУРАН» СПОРТ КЛУБЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің
тапсырмасына сәйкес мүгедектерге арналған облыстық «Сауран» спорт клубы былтыр
қазан айында құрылған болатын. Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт
басқармасына қарасты спорт клубында
130-ға жуық спортшы бар.
– Алдағы уақытта мүмкіндігі
шектеулі жандармен тығыз қарым-қатынас жасап, салауатты өмір салтын ұстанып,
насихаттауда бірлесіп жұмыс атқарамыз. Спортқа жаны құмар жандардың басын
қосып, бұқаралық спортты жандандыру бағыты дами түспек. Тек паралимпиада
чемпионы атану үшін ғана емес, өңірдегі жігерлі тұлғалардың өмірге деген
құштарлығын ашудың өзі жетістік, - дейді спорт клубының директоры Абай Қазиев.
«Сауран» спорт клубының
ұжымы «Olympic Center» спорт кешенінде
орналасқан. Мұнда паралимпиада, сурдлимпиада, үстел ойындары, арнайы олимпиада
спорт бөлімдерінде 26 жаттықтырушы еңбек етуде.
Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.
Түркістан
қаласы.