Нұрғиса – күміс жүлдегер

Украинаның Харьков қаласында панкратионнан әлем біріншілігі өтіп, сол дүбірлі додада мақтааралдық Нұрғиса Нажимидин ең ауыр салмақта екінші орынды иеленді.  

Аудан әкімі Бақыт Асанов жас спортшыны қабылдап, демеушілер атынан сый-сияпат көрсетіп, арнайы 
марапаттады. 
«Еліміздің атын асқақтататын сендей жастарымыз көп болса, болашағымыз бұдан да жарқын боларына сенімім мол. Әрқашан осы бетіңнен таймай, әлемдік додаларда көк байрағымызды желбірете беруіңе тілектеспін!» деді Бақыт Насырханұлы.  
Марапаттау шарасына спортшының әкесі Иса Нажимидинұлы, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Татеев, №1 жасөспірімдер мен балалар спорты мектебі директорының орынбасары Бақыт Есенов, спортшының жаттықтырушысы Нұржан Қарабаев қатысты. 
Айта кетейік, Н.Нажимидин 2003 жылы туған. Ағымдағы жылдың 31 наурыз – 5 сәуір күндері панкратионнан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына Мақтаарал ауданының құрамасы атынан қатысып, мұнда да ІІ орыннан көрінді. Ол осылайша әлем чемпионатына жолдама алған болатын. 

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз