Заманауи спорт залдары салынуда

Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылында  А.Құнанбаев атындағы №5 және  А.Пушкин атындағы №6 мектептерінде заманауи үлгідегі спорт залдарының құрылысы басталды. Бұл спорт нысандары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Тапсырыс беруші  – Түркістан облыстық құрылыс басқармасы.
А.Құнанбаев  атындағы № 5 мектепке қаралған қаражат 201 млн. теңге болса, А.Пушкин атындағы №6 мектепке – 199 млн. теңге бөлінген.
Спорт залдың биіктігі 8,5 метрді құрайды. Онда ұлдар мен қыздарға арналған жеке арнайы жуыну бөлмелері бар. Мұнда оқушылардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалады. Сонымен қатар, спорт залдары жылумен толық қамтамасыз етіледі. Жоспар бойынша нысандар 2022 жылдың сәуір айында тапсырылады.   
Алпыс жылдан аса тарихы бар білім беру мекемелерінің оқушылары осыған дейін мектеп ішіндегі стандартқа сай келмейтін залда дене шынықтырумен айналысқан. Енді ол күндер артта қалмақ. 
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ауыл мектептеріне қолдау күшейіп, жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалып жатыр. 
Пікір қалдырыңыз