Джерард АПЛ-ге оралды

"Ливерпуль" мен Англия құрамасының аңыз ойыншысы Стивен Джерард Англия премьер лигасына қайта оралды. Осы уақытқа дейін шотландиялық "Рейнджерсті" баптаған футбол маманы бирмингемдік "Астон Вилланың" тізгінін ұстады.


"Астон Вилла" соңғы 5 ойын қатарынан жеңіліп, турнирлік кестенің 16-сатысына сырғып кеткен. Бирмингемдік клубтың қожайындарына бұл ұнамай, бас бапкер Дин Смитті орнынан алып тастады. Стивен Джрерардтан бөлек бұл орынға Роберто Мартинес, Каспер Юлманд, Ральф Хаззенхюттл секілді бапкерлер үміткер болған-ды. "Астон Вилла" қожайындары "Рейнджерске" 2 миллион фунт стерлинг төлеп, Джрерадты аттай қалап алдырды.


Джерард "Астон Вилла" тарихындағы ең көп жалақы алатын бапкер атанбақ.

Пікір қалдырыңыз