Түркістандықтар Азия чемпионатында топ жарды

Қостанай қаласында жекпе-жектен жастар арасында Ашық Азия чемпионаты өтті.  Жеті мемлекет қатысқан турнирде біздің құрамамыз жалпыкомандалық есепте 2-орынды иеленді.

Түркістан облыстық №5 олимпиадалық резервті даярлайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 10 спортшы қатысып, 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль иеленді. Мейіржан Әниятов 60 келіде, Бекжан Әбілқасын 55 келіде, Меруерт Нұрмаханова 65 келіде топ жарды. Ал, Махсуда Джаппарова 57 келіде, Серік Мақұл 61 келіде күміс жүлде алса, Нұрдәулет Бимахан  59 келіде, Рауан Жолдас  75 келіде, Иса Беков 59 келіде, Нұрбақыт Елеу 53 келіде, Наурызбай Ысқақов  57 келіде ІІІ орынды иемденді. Жаттықтырушы Азиз Сәбитұлының шәкірттері осылайша облыс қоржынын жүлделермен толықтырды.

Ерболат Айнабеков.


Пікір қалдырыңыз