Намысты қолдан бермеді

Орал қаласында бокстан КСРО спорт шебері Еділ Ишекеновті еске алуға арналған Қазақстан Республикасы «Оңтүстік-Батыс» аймақтық чемпионаты өтті. 

Түркістан облыстық №5 олимпиадалық резервті даярлайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары облыс қоржынына алтын және қола медаль салды.  
Төрехан Сабырхан 57 келі салмақ дәрежесінде І орын алса, Азамат Адланұлы 75 келіде ІІІ орынды  иемденді. Осылайша білікті бапкерлер Ілияс Оралбеков пен Нұржан Шымырбековтің төл шәкірттері намысты қолдан бермеді.

Ерболат Айнабеков.
Пікір қалдырыңыз