Нұрболат – әлем чемпионы

Түркияның Адана қаласында жекпе-жектің джиткундо түрінен жастар арасында әлем біріншілігі аяқталды. Дүбірлі сайыста келестік Нұрболат Ақылбек қарсыластарның бәрін жеңіп, чемпион атанды. Жерлесіміз аталған спорт түрінен 22 жылдан бері бір салмақта екі профиль бойынша топ жарған алғашқы спортшы.

Нұрболат 2003 жылы Келес ауданында дүниеге келген. Алдымен 8 жасынан бастап боксқа қатысқан, кейін джиткундоға қызығушылығы оянып, осы спорт түрімен тұрақты айналысып жүр. Білікті жаттықтырушы Бекзат Жалалдан тәлім теріп келеді.

Нұрболат биыл панкратион спорты бойынша 84 келі салмақта облыс чемпионы атанса, наурыз айында Алматы қаласында өткен ушу саньда спортынан 85 келі салмақта ел чемпионы атанған. Облыс және республика біріншілігін бағындырған жерлесіміз Түркияның Адана қаласында 75 келі салмақта әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанып отыр.


Пікір қалдырыңыз