Жерлестеріміз олжалы оралды

Ресейдің Қазан қаласында ТМД елдерінің ойындары аяқталды. Ақтық сынға шыққан 6 қазақстандық былғары қолғап шеберінің төртеуі өз салмақтарында қарсылас шақ келтірген жоқ. Жалпы, бұл жарыста 26 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынды десек, боксшыларымыз соның 21-інде медаль олжалады (4 алтын, 2 күміс пен 15 қола).
Бокстан өткен жекпе-жекте еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының боксшылары үш медаль еншіледі. 60 келі салмақта сынға түскен Ұлжан Сəрсенбек жеңімпаз атанса, 46 келіде жұдырықтасқан Дельфина Əбілхан қола жүлдегер атанды. Ал, ерлер арасында 52 келіде күш сынасқан Нұрислам Қалдыбаев қола жүлде иеленді.

Пікір қалдырыңыз