Алғыс жауған акция

1 қыркүйек – Білім күніне орай облыс орталығындағы Оқушылар сарайында «Мейірімділік» атты тақырыпта акция ұйымдастырылды. Онда көп балалы және әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген 100 шақты отбасы балаларына оқу құралдары салынған арнайы сөмке табысталды.  

Акцияға Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады, аталмыш шараға мұрындық болған Оқушылар сарайының директоры Индира Сарқытқызына алғысын білдірді.

Пікір қалдырыңыз