«Домбыра үйрену» бұл – бөлек пән емес

«Домбыра үйрену» бұл – бөлек пән емес, 6-сыныпта оқытылатын «Музыка» пәнінің мазмұны. «Педагогтардың Тамыз кеңесінде әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру кезінде мектептің «Музыка» пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарлама таңдау мүмкіндігі туралы мәселе көтерілген. Кейбір БАҚ өздерінің ақпараттық материалдарында мектепте «Домбыра тартуды үйрену» атты жаңа пәннің енгізілетінін айтқан. Шын мәнісінде, бұл – бөлек пән емес, 6-сыныптарға оқытылатын «Музыка» пәнінің мазмұны» делінген хабарламада. Яғни егер қажетті ресурстар бар болса, осы сынып оқушылары «Музыка» пәнінің мазмұнынан екі нұсқаның бірін таңдай алады: бұрынғы бағдарламамен немесе домбыра тартуды үйрену курсы бойынша оқу.
Пікір қалдырыңыз