Ұлттық тағамдар фестивалі

Шымкенттегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Ұлттық тағамдар фестивалі өтті.

Ұлттық киімдегі әскери қызметшілер дәстүрлі рецепттер бойынша дайындалған түрлі ұлттық тағамдарды ұсынды.

Жүздеріндегі күлімсіреу, балалардың қуанышты күлкілері, әр-түрлі халықтардың әндері мен билері, көңілді ойындар мен әзілдер - осының бәрі мерекенің ерекше атмосферасын құруға мүмкіндік берді, бұл жерде барлығы өз халқының мәдениетінің байлығын көрсетуге қуанышты болды.

- Біз бүгін мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға тырыстық, өйткені бұл мереке әрқайсымыз үшін ерекше жылы болып келеді. Ол біздің барлығымызды бейбітшілік пен келісімді арттыру жолындағы ортақ тілекке біріктіруге шақырады, - деді әскери қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметтің бастығы Меруерт Жұбанова.

Мерекенің басты кейіпкерлері, әрине, ұлттық киім киген әскери қызметшілер болды. Мерекелік салтанатта өз халықтарының керемет костюмдерін киіп, әскери ұжымдастарын өздерінің ұлттық тағамдары дайындалған үстелдерін шақырды.

Әр ұлттың әскери қызметшілері қолдан келгеннің бәрін жасады. Барлық жерде Қазақстанды мекендеген халықтардың ұлттық музыкалары: қазақ күйлері, болгар биі, өзбек және ұйғыр күйлері, сондай-ақ корей халқының керемет әуендері шырқалды.

Барлығы жақсы көңіл мен қуаныш атмосферасынан шабыттанып, тағам толы үстелдеріне қуана жақындады, содан кейін биге шығып биледі, «Қара жорға» биін биледі және ұлттық ойындарға қатысты.

Пікір қалдырыңыз