Қыста көлік жуу тиімді ме?

Жүргізушілер арасында осы сұрақ жиі талқыланады. Дегенмен, бұл сұрақтың жауабы өте қарапайым. Егер температура айтарлықтай суық болса, күннің жылынғанын күткен абзал.

Химия саласын аздап түсінетін адам электрохимиялық және химиялық реакциялардың жылдамдығы көбінесе температураға байланысты екенін біледі. Бірақ, оның металдың тотығуына ешқандай қатысы жоқ. Өйткені, физикалық заңдылықтарға сәйкес, 7 градустан төмен температурада тотығу процесі тоқтайды. Сондықтан аязда көлік жуудың соңы металл коррозиясына ұшыратпайды. Мұндағы бар мәселе шанаққа (кузов) байланысты.

Өзіңіз ойлап көріңіз, ауа температурасы 15 градус болып тұрғанда көлікті жуасыз немесе жууға бересіз. Демек, ауа мен шанақтың температурасы бірдей, ал, көлікті жуатын судың температурасы одан да жоғары болады. Соның әсерінен көлік шанағының бояу қабатындағы коррозияға қарсы лак зақымданады. Ол бірден әсер етпесе де, бірте-бірте жоғалып, тотығуға қарсы әрекет ете алмай қалады.

Енді «көлікті қыста жууға бола ма?» деген сұрақтың жауабы анықталған секілді. Әлбетте, көліктің таза, тартымды болғаны дұрыс. Бірақ, артық қылам деп тыртық қылмаудың амалын жасаған жөн. Күн суық екен деп мүлдем жумай қоюға да болмайды. Лажы болса, ауа температурасы -5 градусқа дейін көтерілгенін күтіңіз. Ауа райы сондай болып тұрса, аптасына немесе екі аптада бір рет жуып тұруға болады.

Тағы бір ескерте кететін жайт, көлікті жуғаннан кейін есіктің тығыздағыштарын суықта қатпайтындай етіп арнайы сұйықтықпен майлап қою қажет. Ал, есік құлыптарының тесігін үрлеп, қуыстағы су қалдықтарын кептіріп тастаған дұрыс. Бұл – есікті аша алмай, қалудан сақтайды.

 

 

Пікір қалдырыңыз