Көмегі көп құралдар

Қыс – жүргізушілер үшін ауыр кезең. Бірақ, қытымыр қыстағы көптеген қиындықтарды жеңуге көмектесетін түрлі құралдар бар. Қалтаңыз көтерсе, осыларды сатып алып, игілігіңізге пайдаланғаныңыз абзал.

 

Қозғалтқышты қашықтан басқару жүйесі

Қыста көлік қозғалтқышын қыздырып барып қозғалу өте маңызды. Мұны қашықтан іске қоса алатын құралдар арқылы үйде отырып-ақ орындауға болады. Тіпті, оны смартфонға жүктелетін қосымшалар арқылы да басқара аласыз. Мәселен, Viper SmartStart System VSS4000 деп аталатын жүйе сізге көмектесе алады.

 

Әйнекті жылытатын сымсыз тазалағыш

Бұл – өте пайдалы құрал. Егер мұндай құрылғыңыз болса, көлік әйнегіндегі мұз әп-сәтте суға айналып, ағып кетеді. Құрылғының электр көзі немесе жанасудан қуат алатын батареясы 20 минут тоқтамай жұмыс істей алады. Бұл көліктің әйнегін тазалап алуға жеткілікті уақыт.

 

Қатқан құлыпты ерітеді

Есік құлыптарының қатып қалуы – қыс мезгілінде жиі туындайтын мәселе. Оны оңай шешу үшін құлып ұңғымасына кіргізіп, 1-2 минуттың ішінде мұзын ерітіп жіберетін осындай құрал сатып алуға болады.

 

Аккумуляторға – реаниматор

Аккумулятордың «өліп» қалуы – кез келген жүргізушіні қиын жағдайға қалдырады. Ал, бұл тығырықтан шығу үшін аккумуляторды қуаттайтын реаниматордың көмегіне жүгінуге болады. Тіпті, «жан бітіргіш» арқылы ұялы телефондарды да қуаттай аласыз.

 

Trac-Grabber

Қыс мезгілінде Trac-Grabber атты құрылғының тигізер пайдасы көп. Оның міндеті – қарға тұрып қалған көліктің шығуына қосымша көмек көрсету. Сондай-ақ, бұл құрал тек қардан ғана емес, лай, батпақтан немесе құмнан шығуға да көмектесе алады.

 

 

Пікір қалдырыңыз