Кәсіпорын жұмысшыларды көбейтпек

Төлеби ауданында жұмсақ жиһаз жасайтын цех жұмыс істейді. Отандық өнім өндіруші шағын кәсіпорын жұмысын биыл бастаған. Кәсіп иесінің айтуынша, аз уақыттың ішінде орындық пен үстел секілді бұйымдарға деген сұраныс едәуір артқан.

«Қажетті шикізат Ресей елiнен және Алматы қаласынан тасымалданады. Дайын өнімдер Шымкент, Қызылорда, Алматы қалаларына сатылымға шығарылады. Алдағы уақытта өндіріс көлемін көбейтiп, жұмысшылар санын арттыру жоспарда бар» дейді «Меруерт» ЖК басшысы А.Нарбеков.

Киелітас ауылдық округінде орналасқан цехта 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың орташа жалақысы

70-100 мың теңге аралығында. Айта кетерлігі, өнімдердің көтерме бағасы 25 мың теңгеден басталады.

 

 

Пікір қалдырыңыз