Ақ жаулықты ана алғысын айтты

Түркістан облысының полицейлері ақ жаулықты ананың кесенеге зиярат жасауына көмек көрсетті – деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тұрғанкүл есімді Түлкібас ауданының тумасы Отырар ауданында орналасқан  «Арыстанбаб» кесенесіне зиярат етіп келді. 78 жастағы мүмкіндігі шектеулі жанға Отырар АПБ ЖПҚ бөлімшесінің патрульдік полиция тобының  аға  қызмет инспекторы, полиция майоры Мұхит Серікбаев көмек көрсетті. Тәртіп сақшысы өзіне бекітілген қызметтік  электр машинаға ақ жаулықты ананы  мінгізіп, кесене аумағын аралатты. Полиция қызметкерлерінің жұмысына риза болған көпбалалы ана алғысын айтып, ақ батасын берді. 

Пікір қалдырыңыз