Учаскелік полицейлер есірткі қылмысымен күрес шараларын күшейтті

«Учаскелік инспекторлар есірткіге байланысты 130 қылмыстық істің жолын кесті» - деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәселен, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде Төлеби ПБ ЖПҚ учаскелік инспекторлары ауыл көшелерінің  бірінде  "ВАЗ" автокөлігін тоқтатқан. Көлік ішіндегі құжаттарды тексеру кезінде полицейлер есірткі заттарына ұқсас  пакет орамасын тапты.

Оқиға орнына бірден аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы барып, шымкенттік  жолаушыға  тиесілі есірткі салынған полиэтилен пакеттерін тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі жалпы салмағы 55 грамнан асатын "кептірілген марихуана" болып шықты.

Аталған жайт Төлеби АПБ-нің СДТБТ-де 296-бабы 2-бөлігі "өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркеді. Күдіктінің бас шарасы қолхатта. Тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайларын, сондай-ақ ер адамның есірткіні қандай мақсатта сақтағанын анықтау үстінде.

Пікір қалдырыңыз